Аймақтарда эпидахуал тұрақсыз. Оралда инфекциялық стационар 90 пайызға толды. Қызылордада балабақша карантинге жабылды.
Оралда инфекциялық стационарлардың 90 пайызы науқасқа толды. Бас санитар дәрігердің айтуынша, өңірде британ және оңтүстік африка штамдары болуы мүмкін. Бірақ бұл болжам ғана. Әзірге нақтыланбады. 20 сынама Алматы облысының зертханасына жіберілген. Қазір тәулігіне 100-ден астам адамнан вирус анықталып жатыр.
Ал Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы «Өрімтал» балабақшасында 9 адам инфекция жұқтырған. Олардың 4-еуі тәрбиеші, 5-еуі бала. Дене қызуы көтерілген екі бүлдіршін - дәрігер бақылауында. Ал қалғандарында ауру белгілері симптомсыз өтіп жатыр. Қазір бөбекжайдың кезекші тобы карантинге жабылды.
Әділхан Жөлекешов, Қазалы аудандық білім бөлімінің басшысы:
СЭС мамандарымен «Өрімтал» балабақшасына дизинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты, бүгін 6 сәуір күні балабақшаға тәрбиеленушілерді қабылдаған жоқпыз. Сонымен қатар, СЭС-тің нұсқамасына сәйкес бір топ қана карантинге жіберіліп отыр.
Ақмола облысы да бүгін «қызыл» аймақтар қатарына қосылды. Елордаға іргелес Аршалы, Астрахан, Ерейментау, Целиноград, Шортанды аудандарында індетті жұқтырғандар қатары күрт көбейді. Мамандар мұны Нұр-Сұлтан қаласында дерттің өршіп тұрғандығымен байланыстырады. Өңірде бір күнде 60 адам ауру жұқтырған. Оның 11-і - оқушылар. Қазір сол балалар оқыған сыныптар карантинге жабылды.
Ардақ Мұратқызы