БҚО-да үш ауданның елді мекендерін су басуы мүмкін
Батыс Қазақстанда үш ауданның елді мекендерін су басу қаупі бар. Облыстық штаб өкілдері қауіпті аумақтарды әуеден бақылап көрді. қазір тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді. Дегенмен, өзен-көлдерде мұз әлі қозғала қойған жоқ. қар суы біртіндеп кетіп жатыр.
Ғали Есқалиев, облыс әкімі:
Былтырғымен салыстырғанда, биылғы қыстың қары жақсы жауды. Әрине, бұл ауыл шаруашылығы үшін жақсы. Жер ылғалы - ел ырысы. Бірақ Ақжайық, Тасқала, Шыңғырлау аудандарындағы кейбір елді мекендерде су басу қаупі бар.
Көктемді су тасқынын болдырмау үшін Шығыс Қазақстанға көрші аймақтан көмек келді. Қарағанды облысындағы әскери бөлімнен жеткен 50 адам жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су өткізетін құбырлар мен арықтарды тазалап жатыр. Мамандардың айтуынша, бүгінде жазық жерлердегі қар еріп, өзендерде сең жүре бастады. Аймақта гидрологиялық жағдай тұрақты.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16