Қарағанды облысындағы Алғабас ауылында карантин күшейді
Қарағанды облысында аудан орталығынан 100 шақырымдай қашықтықта орналасқан елді мекенде 34 тұрғын коронавирустық инфекция жұқтырған. Ауылда барлығы 250 адам тұрады. Қазір науқастанғандар түгел Жезқазған мен Сәтбаев қалаларындағы ауруханаларға жатқызылды. Олармен байланыста болған 20 адам анықталды. Тексеріс кезінде тұрғындардың бірі ауылдан тыс жерге шыққаны және оның індеттің таралуына себепкер екені белгілі болды. Қазір Алғабаста шектеу күшейтіліп, оқушылар 18 сәуірге дейін қашықтан оқуға көшті. Ауру ошағы болып саналатын 13 үй оқшауланған. Барлық санитарлық шаралар жүргізілген.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16