Ұлыбританияда COVID-19 төлқұжаты енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда COVID-19 төлқұжаты енгізілуі мүмкін

06.04.2021

Ұлыбритания ковид-төлқұжаттар енгізу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бастапқыда ол сынақ түрінде қолға алынып, көпшілік іс-шараларға кіру үшін талап етілмек. Үкіметтегілер сертификаттау жүйесіне деген сұраныс ел ішінде де, шекара кесіп өтушілер үшін де артады деп отыр. Осы мәселені зерттеу үшін құрылған ресми топ ковид-төлқұжаттардың экономиканы қайта қалпына келтіруге, карантиндік шектеулерді мейлінше жеңілдетуге және қауіпсіздікті арттыруға қаншалықты көмектесетіндігін бақылап жатыр. Жаңа жүйе жуырда 15 cәуірде Уэмбли футбол стадионында 2000 көрерменнің қатысуымен өтетін футболдан Англия Кубогының финалында сыналмақ. 

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу