Сәуір айында еліміздің әр өңіріне 2 млн-нан астам вацина таратылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
«Осы айда елімізге коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 млн дозасы жеткізіледі. Осылайша әр аймаққа жеткізілетін вакцина көлемі артады: Нұр-Сұлтанға - 284 мың, Алматыға – 464 мың, Шымкентке – 172 мың, Алматы облысына – 232 мың, Қарағанды облысына – 217 мың дозаға дейін ұлғайды», - деді министр.
Айта кетейік, бүгінде бірінші компонент 197 706, екінші компонент 72 110 азаматқа салынды. Республика бойынша 1 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 10,3-ті құрайды.