Елордада 219 тұрғын үй апатты жағдайда тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 219 тұрғын үй апатты жағдайда тұр

05.04.2021

Елордада 219 тұрғын үй апатты жағдай тұр. Арасында салынғанына 80 жылға жуықтағандары бар. Биыл солардың 6-ын сүру жоспарланып отыр. Ал, қалған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге қашан көшіріледі? Амангелді Сейітхан тарқатады.

Тозығы жеткен мына үйлер 1943 жылы салынған. Қазір іргелері іріп, шатырлары шіріп, түскелі тұр. Осында 22 жыл тұратын Ақнұр, баспананы бұзуға өтінішті 5 жыл бұрын берген. Алайда, жауабын әлі күтіп жүр.

Дәл осындай үреймен өмір сүріп жатқан 2000 отбасы бар. Тіпті, кейбір үйлер орталық жылу жүйесіне де қосылмаған, отты өздері жағады. Сол дымқылдың салдарынан денсаулығымыз да нашарлап кетті,-дейді.

Марат Гибадуллин, апатты үйдің тұрғыны:
 Әкімдік үйлеріңіз 2023-2027 жылдарда ғана сүрілуі мүмкін деп айтты. Оған дейін қалай өмір сүреміз. Кезек не себепті баяу жылжып жатыр.

Жауаптылардың сөзінше, ескі үйлерді сүрудің ұзық мерзімді жоспары жасалған. Сол бойынша соңғы 8 жылда 300 үй бұзылып, 4300 отбасы жаңа баспанаға көшкен. Ал, қалған апатты үйлердің көбі Байқоңыр және Сарыарқа ауданында. Мәселен, «Байқоңырда» – 105, «Сарыарқа» ауданында – 102, «Алматыда» – 10, «Есіл» ауданында - 2 үй бар. Биыл, солардың алтауы сүріліп, 230 отбасына жаңа үй беріледі.

Еркебұлан Көшкінбай, Сарыарқа аудандық тұрғын үй инспекциясының бөлім басшысы:
Тұрғындар апатты жағдайдағы үйден көшірілген кезде оларға тек шаршы метрге шаршы метр ретінде тұрғын үй беріледі. Оларға ешқандай ақшалай есептесу болмайды.  Үйлерді салумен Елорда даму компаниясы айналысады. Елорда дамуға участок беріледі мемлекеттен тегін, олар 1000 пәтер салуы мүмкін, соның 100-ін келісім бойынша 10-15 процентін әкімшілікке береді.

Қарасай батыр көшесінің бойындағы мына су жаңа үйлер осы бағдарламамен салынған. Құрылыс әлі де жүріп жатыр. Ал, 2000-ға жуық отбасы осындай үйден пәтер бұйырғанша ескі үйіміз құлап қалмай ма деп қорқып отыр.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу