Павлодарда картоп 2 есе қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда картоп 2 есе қымбаттады

05.04.2021

Картопты аймақ саналатын Павлодарда өнімнің құны 2 есе қымбаттады. Бұған дейін базарларда 120-130 теңгеден сатылған оның келісі қазір 250 теңге. Картоптан бөлек, сәбіз бен қызылшаның құны да шарықтады. Бағаның күрт өсуіне маусымдың тапшылық себеп дейді мамандар. Десе де өткен күзде облыс фермерлері 500 мың тонна картоп жинаған болатын. Оның үстіне жергілікті билік бағаны тұрақтандыру қорына жеткілікті өнім салынды-деп мәлімдеген еді. Бірақ омен базардағы бағаны реттей алмаймыз дейді.

Талғат Доғалов, Кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы:
Тұрақтандыру қорында 851 тонна картоп бар. Оны біз қала ғана емес, аудандардағы әлеуметтік дүкендерге де таратамыз. Күніне 8-9 тонна өнім алады. Әлеумметтік дүкендер келісін 98 теңгеден сатады. Ал, базарлар мен жеке дүкендерде бағаның өскенің көріп отырмыз. Бірақ оған ешқандай ықпал жасай алмаймыз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу