Ақтөбе облысында спорт кешендері алдын ала жазылу бойынша ғана қызмет көрсетеді
Ақтөбе облысында шектеу шаралары күшейтілді. Жаңа қаулыға сай Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Қазпошта бөлімшелері және спорт кешендері алдын ала жазылу бойынша ғана қызмет көрсетеді. Моншалар мен сауналар жұмыс күндері ғана істейді. Ал, сатылатын тауар түріне қарамастан, барлық дүкендер жексенбіден басқа күндері ашық. Бұған дейін базарларға жексенбі күні жұмыс істеуге рұқсат жоқ дегенімен, кеше ашық болды. Кәсіпкерге қандай жаза қолданылатыны әзірге хабарланған жоқ. Дегенмен, соңғы тәуліктерде індет жұқтырғандар саны азайып келеді. Алдынғы күні 82 адам тіркелсе, өткен тәулікте 61 жағдай тіркелді.
Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:Қаулы бойынша базарлар жексенбі күні жұмыс істемеуі керек. Мониторингтік топтар демалыс күндері – сенбі, жұма жексенбі күндері жұмыс істеді. Істеген нысандар болса бүгін мониторингтік топтардан арыз-шағымдар, рапорттар түседі, сол бойынша шара қолданамыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16