Атырау облысында коронавирустың жаңа штаммдары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында коронавирустың жаңа штаммдары анықталды

05.04.2021

Екі аптадан бері «қызыл» аймақта тұрған Атырау өңірінде коронавирустың жаңа штаммдары анықталды. Мамандар мутацияға ұшыраған екі сынаманы қандай штаммға жататын білу үшін Алматыдағы республикалық зерттеу орталығына жіберді. Тексеру әлі аяқталған жоқ. Індет өршіген тұста облыста халықты жаппай вакцинациялау жұмыстары басталды. Өткен аптада өңірге 3600 доза жеткізіліп, демалыссыз жұмыс істеп жатқан 22 екпе салу пунктіне таратылды. Сөйтіп 3 күннің ішінде 500-ден астам тұрғын вакцина алып үлгерді.

Облыста вирустың таралу қарқыны бәсеңдер емес. Бүгін 103 тұрғыннан инфекция анықталды. Ал, демалыс күндері ковидке шалдыққан 210 науқас тіркелді. Індетті қала тұрғындары көптеп жұқтырып жатыр. Қазір 500-ге жуық адам үйде, ал 175 науқас модульдік ауруханада емделіп жатыр. Ал, теңіздегі стационарда 255 жұмысшы ем қабылдауда. 

Жандос Темірғали

Атырау

Хабарламаларға жазылу