Ақмола облысында 122 млн теңгенің алтынын ұрлағандар ұсталды
Ақмола облысындағы Жолымбет кен орнынан алтын ұрлағандар анықталды. Қолды болған алтынның құны - 122 миллион теңге. Қылмыс 2 наурызда болған. Іздеу-тергеу шаралары 1 айға жалғасты. 300-ге жуық адамнан жауап алынған. Нәтижесінде Жолымбет ауылының 26 және 34 жасар екі тұрғыны ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Екеуі де осы уақытқа дейін сотталмаған. Олардың қылмысты жарты жыл бойы жоспарлағаны анықталды.
Ерлан Қасым, Ақмола облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларға сараптама жасалды. Нәтижесінде кәсіпорынның 2 жұмысшысы күдікке ілінді. Олар өз кінәларын мойындады. Ұрланған алтын 1 күдіктінің туысының үйінде табылды. Қазіргі уақытта екеуі де үй қамаққа алынды.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09