Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңесінің IX отырысы өтті
Қазақстан және Қырғызстан Премьер-Министрлері жаңғыртылған «Қордай — Ақ Жол» өткізу пунктінің ашылу рәсіміне қатысты. Әрі, сол жерде үкіметаралық кеңестің IX отырысын өткізді. Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл шаруашылығы, су-энергетикалық, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы секілді өзекті мәселелер қаралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Қырғызстанға 10000 тонна бидай ұны мен 1000 тонна жоғары өнімді күздік бидай тұқымын гуманитарлық көмек ретінде беретін болды. Жаңартудан кейін өткізу пунктінің ғимарат ауданы 3,5 есеге артып, 4,9 мың шаршы метрге жеткен. Паспорттық бақылау стендтерінің саны да артқан. Нәтижесінде шекара бекетінің өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамнан 25 мыңға дейін өсті.
Ұлан Әліпов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:Қордай өткзіу бекетінде бәрін қайта жаңарту болды. Ғимараттардың бәрін қайтадан жаңарды. Жаяу жүретін жолақтар салынды. Көлік жүретін жолақтар саны 2-ден 8-ге дейін көбейді.
Ғабит Бөкенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16