Семейде індетпен күресте қаза тапқан дәрігерлердің есімі кафедраларға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде індетпен күресте қаза тапқан дәрігерлердің есімі кафедраларға берілді

02.04.2021

Семейдегі медицина университетінде кафедралар мен дәрісханалар коронавируспен күрес кезінде қайтыс болған дәрігерлердің атымен аталатын болды. Оқу орны қабырғасында ұзақ жылдар жұмыс істеген, білікті бірнеше маман өткен жылы індетпен күрес кезінде қайтыс болды. Олар алдыңғы шепте жүріп, өзінің емес, өзгенің өмірі үшін жанын бергендер. Ғылыми кеңес шешімімен медицина мамандарының есімін кафедрлар мен аудиторияларға беру арқылы олардың өлшеусіз еңбегін мәңгі есте қалдырып, құрмет көрсеттік-дейді әріптестері.

Ерсін Жүнісов,  Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры: 
Пандемия басталғанан бастап нағыз ішінде, отта жүрді. Ешқашанда уақытпен санаспады. Жастарға да өте үлкен үлгі бола білді. Ұйымдастыра білді. Халықтың денсаулығына өте үлкен үлес қосты.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу