Қарағанды облысында індет жұқтырғандарға арналған 400 орын қайта жасақталады
Қарағанды облысында індет жұқтырған науқастарға арналып, уақытша консерватцияда тұрған орындар қайта жасақтала бастады. Себебі соңғы екі аптада Қарағанды қаласында тәулігіне 90-95 адамнан вирус анықталып жатыр. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы ахуалға алаңдаған дәрігерлер ерте қамдануда. Қазір қаладағы госпитальдарда 4 600 орын дайын. Науқастарды 19 госпиталь қабылдауда. Өңір «сары» аймақта. Бүгінгі күні 900 науқас ем алып жатыр. 29 пациенттің жағдайы ауыр, 4 науқас жасанды желдету аппаратына қосылған.
Гамаль Тоқсамбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:Ашылып жатқан бұл госпиталь бірінші деңгейлі болып есептеледі. Нысан 100 адамға арналған. Бүгіннен бастап пациенттерді қабылдай бастаймыз. 9 реанимациялық орын бар. Яғни қатты ауырған науқастар осында келеді. Бірер күнде тағы 100 орындық госпитальді ашамыз. Ол симптомы жеңіл өтетіндерге арналады. Келер аптада алдын-ала 400 орын дайын болады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09