Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады

02.04.2021

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады. Ерболат Досаев Президентке биылғы жылдың І тоқсанындағы ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндады. Сондай-ақ, әлемдік экономиканы қалпына келтіру барысындағы негізгі ықтимал сын-қатерлер жайында да айтты. Ерболат Досаев Мемлекет басшысының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалуын баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу