ШҚО-да маслихат депутаты мектеп мұғалімін соққыға жыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да маслихат депутаты мектеп мұғалімін соққыға жыққан

02.04.2021

Шығыс Қазақстан облысындағы Ақжар ауылында маслихат депутаты мектеп мұғалімін соққыға жыққан. Жәбірленуші Өмірхан Қанағатов әлеуметтік желіде шекаралық ауданды құру жайын жиі көтеріп жүрген қоғам белсендісі. Жақында біздің арнаға да осы өзекті мәселені айтып, сұқбат берген. Депутатқа мектеп мұғалімінің бұл әрекеті ұнамай қалған сыңайлы. Сөйтіп мәселені жұдырықпен шешпек болған. Мұғалімді жұмыста жүрген жеріне келіп жұдырықтаған. Бұл факті полицияда тіркеліп, тексеру жүріп жатыр. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы болса, әлеуметтік желідегі парақшасында осыған қатысты ресми түсінік берген.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу