СҚО-дағы 700-ден астам тұрғыны бар ауыл су астында қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-дағы 700-ден астам тұрғыны бар ауыл су астында қалуы мүмкін

02.04.2021

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына дайындық күшейді. Әсіресе, Қызылжар ауданындағы Тепличное елді мекеніне апарар жалғыз жолға қауіп басым. 700-ден астам тұрғыны бар ауыл тұтас су құрсауында қалуы ықтимал.

Биыл Қызылжар ауданында қыста жауған қар жылдағы мөлшерден екі есе көп. Табиғи апат зардабын азайту мақсатында қазір құм әкелініп, жұмысшылар жолдың шетіне көміп жатыр. 

Дәурен Рамазанов, ауылдық округ әкімі:
Мың кубометр жер әкелінді, Теплчный ауылына. Тағы да ауыр техника жұмыс істеп жатыр. Ар жақта тағы да 100 метр жерді қосамыз деген ойымыз бар. СОсын мына қорғанысты тағы да жоғары көтереміз.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан бойынша халықты уақытша орналастыру мақсатында 325 пункт дайындалды. Қауіпті аймақтардан 2 млн текше метр қар шығарылып, 1300-ге жуық су өткізу құбыры тазартылды. Өзендерде мұз жару жұмыстары жалғасуда.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу