Қарағандыда құны 24 млрд теңге болатын есірткі тәркіленді
Қарағандылық полицейлер құны 24 млрд теңге болатын есірткі тәркіледі. Арнайы операция барысында Қарағанды, Ақмола облыстарында және Павлодар қаласында жұмыс істеп келген төрт синтетикалық есірткі зертханасы анықталған. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы Ақмола облысында қолға түсті. Ол 30 жастағы Қарағанды тұрғыны. Күдікті үй сатып алып, оның ішін синтетикалық есірткі заттарын дайындау үшін жабдықтаған. Тінту кезінде үйден үш килограммнан астам мефедрон есірткі заты және 35 литр шикізат табылған. Дайындалған синтетикалық заттардың қара базардағы құны шамамен 1 миллиард 600 миллион болады.
Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:31 наурыз күні Ақмола облысында топтың ұйымдастырушысы ұсталды. Бұған дейін полиция қызметкерлері қылмыстық әрекеттерін Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында жасап отырған ұйымдасқан топтың мүшелері ұсталған болатын. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16