Өткен тәулікте коронавирустан 12 адам көз жұмды. 2077 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 248931-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 1034 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 221347. Қайтыс болғандар - 3072.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 26 095 адам ем қабылдап жатыр. 365 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 77 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50695 адамға пневмония диагнозы қойылды. 48418 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 694.
Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 139704-ке жетті.