Шымкентке коронавирусқа қарсы вакцинаның 5700 дозасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентке коронавирусқа қарсы вакцинаның 5700 дозасы жеткізілді

01.04.2021

Шығыс Қазақстанда короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бүгінге дейін аймақта 8,5 мың адам екпе алды. Олардың 7 мыңнан астамы дәрігер, қалғаны мұғалімдер мен күштік құрылым. Тағы қылмыстық-атқару жүйесі де бар. Онда бір мыңнан аса адам еңбек етеді. Облыстық департаментке қарайтын 11 мекеме және барлық пробациялық қызмет өкілдері өз еріктерімен екпе алып жатыр. Себебі, вакцинация ең алдымен ұжымдық иммунитетті күшейту үшін керек.

Бақытжан Ниязбеков, 156/2 мекемесі бастығының орынбасары:
COVID-19 ауруының алдын алу мақсатында өзіміз екпе алу жөнінде қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгін басшылық құрамнан өзім бастап келіп осы екпені қабылдадым. Жағдайым жақсы. Алдағы уақытта да осы екпені қабылдауға кеңес беремін.

Коронавирусқа қарсы екпе егу ісі басталғалы Шымкентке «Спутник  V»-дің алғашқы компонентінің 7 мың 400 дозасы және ревакцинация үшін 5 мың 800 дозасы жеткізілді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша екпе алған азаматтардың ешбірінде вакцинаның кері әсері мен жайсыздық болмаған. Сондай-ақ, вирустың өзгеріске ұшыраған түрлері әзірге Шымкентте кездескен жоқ,-деді ол. Өткен тәулікте жұқпалы дерттің белгілері 47 азаматтан табылды.

Елорданың учаскелік полицейлері мен ішкі істер саласының ардагерлері де «Спутник V» вакцинасын салдырып жатыр. Олар халықпен тікелей жұмыс істегендіктен екпе алуға өз еріктерімен келген. Талапқа сай препаратты қабылдамас бұрын бәрі түсіндіріледі. Әзірге ешқайсысында кері әсер болған жоқ,-дейді қалалық полиция департаменті емханасының терапевт дәрігері Айдана Әбдіпатта.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу