Шығыс Қазақстан аумағы кіріп-шығу үшін жабық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан аумағы кіріп-шығу үшін жабық

01.04.2021

Шығыс Қазақстан облысы бүгіннен бастап кіріп, шығу үшін жабылды. Коронавирустың таралуына байланысты облыстың бас санитары осындай қаулы шығарған. Бірақ растайтын құжаты бар адамдарға облыс шекарасынан кіріп-шығуға рұқсат беріледі. Толығырақ Шығыс Қазақстандағы тілшіміз Ержан Жақыптан білейік.

Ержан Жақып, тілші:
Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысы жабық. Коронавирустық инфекция таралмау үшін мамандар осындай шешім қабылдаған. Өңірде карантин 15 сәуірге дейін созылды. Бүгіннен бастап облыс аумағынан тек медицина, санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет, құқық қорғау мен арнайы жедел құтқару қызметінің шығуына ғана рұқсат беріледі. Сондай-ақ медициналық анықтамалары барлар, транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушыларға рұқсат бар. Тұрғылықты жеріне қайтқандар мен қала сыртындағы үйі бар адамдар үшін де облыс шекарасынан өтуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ растайтын құжаттары бар тағы бірқатар санаттағы адамдар үшін облыс аумағына кіріп-шығуға болады. Ал Алматы, Павлодар мен Қарағанды облыстарымен шектесетін жерлерге санитарлық бекеттер орнатылмақ. Бұл шектеулердің мерзімі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты ұзартылуы мүмкін.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу