Шығыс Қазақстан аумағы кіріп-шығу үшін жабық
Шығыс Қазақстан облысы бүгіннен бастап кіріп, шығу үшін жабылды. Коронавирустың таралуына байланысты облыстың бас санитары осындай қаулы шығарған. Бірақ растайтын құжаты бар адамдарға облыс шекарасынан кіріп-шығуға рұқсат беріледі. Толығырақ Шығыс Қазақстандағы тілшіміз Ержан Жақыптан білейік.
Ержан Жақып, тілші:Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысы жабық. Коронавирустық инфекция таралмау үшін мамандар осындай шешім қабылдаған. Өңірде карантин 15 сәуірге дейін созылды. Бүгіннен бастап облыс аумағынан тек медицина, санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет, құқық қорғау мен арнайы жедел құтқару қызметінің шығуына ғана рұқсат беріледі. Сондай-ақ медициналық анықтамалары барлар, транзиттік жолаушылар мен жүк тасымалдаушыларға рұқсат бар. Тұрғылықты жеріне қайтқандар мен қала сыртындағы үйі бар адамдар үшін де облыс шекарасынан өтуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ растайтын құжаттары бар тағы бірқатар санаттағы адамдар үшін облыс аумағына кіріп-шығуға болады. Ал Алматы, Павлодар мен Қарағанды облыстарымен шектесетін жерлерге санитарлық бекеттер орнатылмақ. Бұл шектеулердің мерзімі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты ұзартылуы мүмкін.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16