Енді эпидахуалға келсек, елімізде «қызыл» аймаққа енген өңірлер саны алтау болды. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары. Сондай-ақ, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары. Ал, Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы «сары» аймақта. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты. Дегенмен, өткен аптада күніне орта есеппен мыңға жуық адам вирус жұқтырса, осы аптада күндік көрсеткіш мың жарымнан асып тұр. Мәселен, кеше тағы 1873 адамнан коронавирус анықталып, 14 науқас көз жұмған. Ал, вирустық белгілері бар пневмонияға 93 адам шалдығып, 4 науқас қайтыс болған.
Амангелді Сейітхан