ТМД елдерінде шартты түрде сотталғандар жазасын өз елінде өтейді
ТМД елдерінде шартты түрде сотталған қазақстандықтар енді жазасын елімізде өтей алады.КСМ: Сенаторлар бүгін тиісті заң жобасын мақұлдады. Жаңашылдықтың бас бостандығынан айрылығандарға қатысы жоқ. Құжатқа сәйкес, сотталушы немесе оның заңды өкілі жазаны тұрғылықты жерінде өтеу туралы өтініш береді. Одан кейін Бас прокуратура сұрау салады. Жазасын өтеуші шешім қабылданғаннан кейін 45 күн ішінде өз еркімен шетелден шығуы тиіс.
Айта кетерлігі, қазір 280 қазақстандық ТМД елдерінде шартты түрде жазаға тартылған.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
Қазіргі күнде елімізде 447 шет ел азаматы пробацияда тұр. Тағы бір атап өтетін мәселе – дүниежүзінде осындай әлемдік тәжірибе бар. Еуроодаққа мүше мемлекеттер осы Конвенцияға ұқсас Декларация қабылдаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16