Жаңаөзендегі газ жарылысынан жарақат алған жігіт қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендегі газ жарылысынан жарақат алған жігіт қайтыс болды

23.11.2018

Жергілікті дәрігерлер қажетті медициналық көмекті көрсетті. Алайда, денесінің 60 пайызын күйік шалған 29 жастағы азаматты аман алып қала алмады. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір апта бұрын Жаңаөзен қаласында жер үй жарылып, 2 адам зардап шекті. Анасы мен баласы алғашында ауыр жағдайда Жаңаөзен қалалық ауруханасына жатқызылды. Кейін екі науқасты санавиациямен облыстық ауруханаға жеткізді. Жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия да құрылды. Әзірге апаттың себебі белгісіз. Бірақ, зардап шеккен отбасы жарылыс жердің астымен жүргізілген газ құбырының жарылуынан болғанын айтады.

Азамат Сәрсенбаев, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- 7 күн бойы мамандар қолдан келген көмекті көрсетті. Бірақ, өмірін сақтау мүмкін болмады. Алдын ала қойылған диагноз бойынша, науқас өткір жүрек қан тамырлары және респираторлық ақаулардан қайтыс болды. Ал, анасының жағдайында өзгеріс жоқ. Өте ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратымен демалып жатыр.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу