Атырау облысында жиын-тойдың кесірінен КВИ жұқтыру көрсеткіші 9%-ға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жиын-тойдың кесірінен КВИ жұқтыру көрсеткіші 9%-ға артты

01.04.2021

Атырау облысында тұрғындардың той-садақаға көптеп қатысуы салдарынан коронавирус жұқтыру көрсеткіші 9 процентке артты. Өңірде құрлған 110 мобильді топ өткен бір аптаның өзінде карантин режимін өрескел бұзған 34 кәсіпкерлік нысанды анықтады. Көрсеткіш наурызда ушыға бастаған. Өткен бір айдың өзінде адамдардың отбасылық шараларға баруы жиілеген. Осылайша ауру 18-ден 26 пайызға жоғарылады. Қаңтардан бастап шектеуді елемегендерге 17 млн-нан астам айыппұл салынды.

Махамбет Досмұхамбетов, облыс әкімі:
Не тәртіп сақтап өмір сүреміз, не қайтадан қатаң шараларды қолдануға барамыз. Соны халыққа түсіндіріп айту керек. Мобильді топтардың жұмысын күшейту керек.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу