Қазақстан мен Ресей экологиялық мәселелер бойынша ынтымақтастық орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей экологиялық мәселелер бойынша ынтымақтастық орнатты

01.04.2021

Қазақстан мен Ресей ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласында ынтымақтаса жұмыс істейтін болды. Қос елдің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлері бірлестікті бекемдейтін құжатқа қол қойды. 

Мағзұм Мырзағалиев Жайық өзенінің мәселесін көтерді. Оның айтуынша, трансшекаралық өзен экожүйесінің бұзылуы терең зерттеуді талап етеді. Экология министрі гидрологиялық жылдық ақпаратпен тұрақты түрде бөлісіп тұруды ұсынды. Сондай-ақ, өзеннің төменгі жағындағы экожүйені сақтау үшін сәуір-мамыр айларында Ириклин су қоймасынан жіберілетін су көлемін арттыруды ұсынды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу