Оңтүстік Кореяда 10 мыңнан астам қазақстандық заңсыз еңбек етіп жүр
Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтардың саны 10 мыңнан асады. Жасырын жұмыс істеп жүргендіктен олардың құқықтары мүлдем қорғалмаған. Бұл туралы мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев Үкімет басшысының орынбасары Мұхтар Тілеубердіге жолдаған депутаттық сауалында айтты. Отандастарымыз шет елге туристік визаны арқау етіп, жасырын барады. Сосын сол жақта қалып, нәпақа табады. Бірақ кейбір азаматтарымыз аурып-сырқап, түрлі жарақат алып жатады. Осы тұста олардың медициналық және әлеуметтік көмек алуға ешқандай мүмкіндігі жоқ, - дейді депутат. Айта кетерлігі, Оңтүстік Кореямен Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан сынды 15 мемлекет еңбек миграциясын заң жүзінде реттеп алған, алайда бұл тізімде Қазақстан жоқ.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
10 мың адам – 10 мыңдаған тағдыр мен олардың тілеуін тілеп жүрген 10 мың отбасы. Осыған байланысты Үкімет осы мәселені ерекше бақылауға алып, Оңтүстік Корея мемлекетіндегі қазақстандықтардың заңды еңбек ету мүмкіндіктерін тез арада пысықтау қажет деп санаймыз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау күні арандатушылықтан сақ болу қажет
22.08.2026, 20:39
20 жылдық тарихы бар аквапарк жаңартылды
22.08.2026, 20:15
Ақтөбе облысында жаңа көпір қолданысқа берілді
22.08.2026, 20:14
Қазақстанның кредиттік рейтингі өсті
22.08.2026, 20:13
Су саласына 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 20:13
Фатима Сұпығалиева дзюдодан қыздар арасында тұңғыш Әлем чемпионы атанды
22.08.2026, 20:12
Семейде жаңа спорт кешені ашылды
22.08.2026, 20:11
Кітап оқу мәдениеті артып келеді
22.08.2026, 20:09