Шығыс Қазақстандағы полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

30.03.2021

Шығыс Қазақстандағы полицейлер ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдырып жатыр. Екпені алғашқылардың бірі болып облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев алды. Барлығы 100-ден аса тәртіп сақшысы егілді. Олардың қатарында халықпен жиі қарым-қатынаста болатын патрульдік полиция қызметкерлері көп. Учаскелік инспекторлар да қауіпті індеттен сақтану үшін екпе салдыруды жөн көрген.

Бейбіт Хамидуллин, ШҚО ПД арнайы жасақ командирінің орынбасары:
Келіп вакцина салып жатырмыз. Әсері жақсы, ешқандай жаман жағын көріп тұрған жоқпын. Өзімнің жеке құрамға, полициядағы әр қызметкерге айтарым, келіп вакцина алғандарыңыз дұрыс.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу