Биыл 2,8 млн гектар алқапқа егін егіледі
Биыл 23 млн гектарға жуық жерге егін егіледі деп жоспарланған. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі жүз мыңдай гектарға көп. Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі көктемгі егін егу жұмыстары жайлы баяндады.
Досжан Маратұлы, тілші:
Қазір егін егу Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында ғана басталған. Ал өзге өңірлердің диқандары соқа-саймандарын сайлап, жердің дайын болуын күтіп отыр дейді министр. Айтуынша, ел бойынша биыл 2 млн 800 мың гектар жерге егін егілмек. Бұл былтырға қарағанда сәл көп. Қазір қажетті тұқым әзірленіп, шаруаларға 380 мың тонна арзан дизель де бөлінген. «Оның литрі нарықтағы бағадан 20 теңгедей төмен», - дейді Сапархан Омаров.
Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Ағымдағы жылдың басынан бастап 24 млрд теңге сомасына 1 112 техника, оның ішінде 458 трактор, 28 комбайн және 626 өзге де техника қаржыландырылды. Ағымдағы жылдың 29 наурызындағы жай-күй бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 97%-ды құрайды.
Досжан Маратұлы, тілші:
Айта кетерлігі, биыл әлеуметтік азық-түліктер үшін егін алқаптары артып жатыр. Әсіресе, қарақұмық пен картоп жылдағыдан көптеп өсірілмек. Ол үшін шаруаларға барлық қолдау болады дейді министр. Мәселен, тұқым шаруашылығын дамытып, миниралды тыңайтқыштар сатып алу үшін жалпы 70 миллиард теңгедей субсидия бөлініп отыр. Ал көктемгі науқанды өткізуге 116 миллиард теңге қарастырылған. Премьер-Министр өңір әкімдеріне егін жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40