Түркістан облысындағы 39 елді мекенге әлі жарық берілмеген
Түркістан облысындағы елді мекендерге жаппай жарық беру жұмыстары сәуір айының ортасына дейін жалғасуы мүмкін. Қазір өңірдегі 93 елді мекеннің тек 54-і электр энергиясына қосылған. Қалған 25 мыңнан аса тұтынушысы бар 39 ауыл әлі жарықсыз отыр. Алты аудан-қалада бес мыңнан аса баған құлап, жоғары кернеулі 24 желі үзілген. Қазір 1450 баған жаңадан қойылып, 18 желісі қосылды. Келтірілген шығын көлемі де есептеліп жатыр. Оңтүстік жарық мекемесіне тиесілі бағандарды қалпына келтіруге 500 млн теңгедей қаражат жұмсалса, мемлекет тарапынан жарықшамдарды реттеуге миллиондаған қаражат бөлінді.
Роза Сариева, Түркістан облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:Қазіргі кезде шығын көлемі анықталды. 260 млн теңге болып отыр. Облыстық бюджеттен 260 млн теңге қарастылып отыр. Кегок АҚ тарапынан, Оңтүстің жарық АҚ тарапынан атқарып жатқан жұмыстарының барлығы өз инвестиция есебінен атқарылып отыр.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16