Қостанайда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда есірткі саудасымен айналысқандар ұсталды

29.03.2021

Қостанайдың полициясы есірткі саудасымен айналысқан 8 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Топты құрған және басқарған 51 жастағы Денисов ауданының тұрғыны. Күдіктілерді ұстау үшін Қостанай, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында бір мезгілде 7 жедел топ жұмыс істеді. Есірткінің кезекті партиясын тасымалдау кезінде ұсталған жеткізушіден салмағы 5 килограмнан асатын гашиш салынған пакет алынды. Қылмыстық топ басшысының үйінен 26 гашиш түйнегі, ақша мен банк карталары табылды. Есірткі заттарының жалпы салмағы 10 келіден асады. Қара нарықтағы құны 14 млн теңге шамасында. Күдіктілердің бәрі қамауға алынды, тергеу жүріп жатыр. 

Айгүл Ерәділова, облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
Осы күдіктілердің бәрі бұрын қылмыстық жауапқа тартылмаған. Қылмыстық топтың башысы болған 51 жастағы ер адам мал дәрігері болып жұмыс істеген. ҚР ҚК-нің 297 бабы, 3 бөлімі бойынша олар 15-20 жылға, немесе өмір бойы бас бостандығынан айрылып дүние мүлкі тәркіленеді. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу