Жезқазғанда көпір құрылысы аяқсыз қалды
Қарағанды облысының Жезқазған қаласында былтырғы жылдың күзінде бітуі тиіс көпір құрылысы әлі аяқталған жоқ. Өткел құрылысына бюджеттің 614 миллион теңге қаражаты бөлінген. Ол темір жол вокзалына апаратындықтан тұрғындар үшін үлкен маңызға ие. Алайда көпірдің асфальт жабындысын төсеу, темір қоршауларын, жарық шамдарын орнату, жаяу жүргіншілер жолағын салу жұмыстары аяқсыз қалған. Мердігер оған қыстың ерте түскені кедергі болды дегенді алға тартып отыр. Жұмысты уақытында орындамағаны үшін жергілікті билік экономикалық сотқа шағым түсірді.
Қайрат Бапанов, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:
Біз кейбір жұмыстарды мердігерге қазір ертерек бастаңыз деп талап қойып отырмыз. Заңның талабына сай бұл кісілерге экономикалық сотқа арызданып отырмыз. Жұмысын тез бастау үшін. Егер 1-ші сәуірден бастап күн жылынса жұмыстарын бастайды. Осы жерде қазіргі таңда мердігердің 4 жұмыскері бар. Ауа райының жақсарғанын күтіп отыр.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16