Қарағандылықтарды 17 млн теңгеге алдаған банк қызметкерлері ұсталды
Қарағанды тұрғындарын 17 миллион теңгеге алдап кеткен екі банк қызметкері ұсталды. Полиция қаржы мекемелерінің бірінің 27 жастағы менеджерін қоға түсірді. Оның 3 бірдей интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Қызмет бабын пайдалана отырып азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізген ол өзі жұмыс істейтін банкте және шағын қаржы ұйымдарында несие рәсімдеген. Алаяқтың келтірген жалпы шығыны - төрт миллион 770 мың теңге. Сондай-ақ, полиция 31 жастағы тағы бір ер адамның заңсыз әрекеттерін әшкереледі. Ол банк тұтынушыларына мерзімі өткен несиелер бойынша көмек көрсетем деген желеумен құйтұрқы әрекетін жүзеге асырып отырған.
Әбіл Әбілдин, облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары:
Қазіргі уақытта үшінші тұлғаға несие беру бойынша 12 факт анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 12 миллион теңге. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16