Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті

25.03.2021

Сенат экологиялық мәселелерді заңнамалық тұрғыда қолдауға дайын. Бүгін Жас сарапшылар клубының отырысын өткізген жоғары палата төрағасы қоршаған ортаны қорғау үшін тиімді заңдар қажет екенін жеткізді. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша еліміздің алдында әлемге тән экологиялық қауіп-қатерлер тұр. Әсіресе, климаттың өзгеруі, жердің шөлейттенуі мен био-алуантүрліліктің жоғалуы, заңсыз қоқыс полигондары мен ауаның ластануы секілді мәселелер ешкімді бей-жай қалдырмауы керек. Отырыс барысында жас сарапшылар осындай экологиялық түйіткілдерді шешуге, табиғи ресурстарды үнемдеуге қатысты пікірлерімен бөлісті. Әркімнің ұсынысын мұқият тыңдаған сенат спикері ұтымды бастамалар болса, заңнамалық тұрғыдан қолдау болатынын айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Өзекті мәселелерді шешу үшін тиімді заңдар керек. Бұл тұрғыда Президенттің бастамасы бойынша Парламент қабылдаған Экологиялық кодекстің маңызы зор. Ондағы нормалардың арқасында қоршаған ортаны қорғау саласында жаңа ережелер жасалады. Ең алдымен, Кодекс арқылы «ластаушы төлейді және түзетеді» қағидаты іске асады. Бұл ластаушыларға айыппұл төлемдерінің мөлшерін бірнеше рет арттыруды да, олар келтірген залалды жою үшін қажетті шаралар қабылдауды да білдіреді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу