ШҚО-дағы Бозанбай ауылы мектебінің оқушылары дизентерияға шалдыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы Бозанбай ауылы мектебінің оқушылары дизентерияға шалдыққан

25.03.2021

Шығыс Қазақстанның Бозанбай ауылындағы балалардың дизентерия ауруына шалдыққаны белгілі болды. Ұлан ауданындағы бір мектептен 85 оқушының энтеро-вирусты немесе ішек инфекциясын жұқтырғанын бұған дейін хабарлағанбыз. Бактериологиялық зерттеу нәтижесінде олардың дизентериямен ауырып қалғаны анықталды. Өткен мереке күндері науқас балалардың жалпы саны 118-ге жетті. Олардың арасында мектеп жасына жетпеген 8 бала бар. Қазір 61 бала Өскемен қаласындағы ауруханада, қалғаны үйінде қажетті ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, барлығының жағдайы бір қалыпты.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу