Ұлыстың ұлы күні Семейде Абай Құнанбайұлы атындағы мешіт ашылды. Нысан 2008 жылы қолға алынғанымен, аяқсыз қалған болатын. Құрылыс белгілі меценаттар –Тастекеевтер әулетінің демеушілігімен қайта жанданды. 3 жылдың ішінде аяқталып, құлшылық ордасы халық игілігіне берілді. Алла үйінде бір мезетте 2500 адам намаз оқи алады. Ғимараттың ішінде діни жоралғыларды өткізуге арналған кең бөлмелер қарастырылған. Нысанның маңын абаттандыруға Түркістан облысы демеушілік жасаған.
Дулат Тастекеев, компанияның бас директоры:
Ақ күрек жел ескен, күн мен түн теңескен нағыз әз-Наурыз мейрамымыздың қарсаңында осы мешітіміздің қолданысқа берілуі өзім үшін үкен қуаныш. Сонымен қатар біздің Семей халқы үшін үлкен қуаныш деп ойлаймын. Себебі бұл мешітті халық 15 жылға жуық уақыт тосты.
Ержан Жақып