Түркістан облысында 63 ауыл әлі күнге дейін жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 63 ауыл әлі күнге дейін жарықсыз отыр

25.03.2021

Түркістан облысында Бәйдібек, Отырар және Ордабасы аудандарының тұрғындары он екі тәуліктен бері жарықсыз отыр. «Оңтүстік жарық» мекемесінің хабарлауынша, 87 елді мекеннің 25-не ғана жарық берілген. Ал, өңірдегі 63 ауыл әлі күнге қараңғылық құшағында отыр. Бүгінге дейін 314 баған тұрғызылған. Десе де құлаған бағандарды тұрғызып, үзілген сымдарды жалғауға қардың еріп, жердің батпақ болуы қиындық туғызуда. Ал, табиғаттың тосын мінезінен 440 млн теңгедей шығын келген. Оның барлығын «Оңтүстік жарық» мекемесі өз қаражаты есебінен өтемек.

Айнұр Ақбаева

жарық

Хабарламаларға жазылу