Жер комиссиясының алғашқы отырысы өтті
Бүгін Жер комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Онлайн жиынға өңірлерден 44, орталықтан 31 адам қатысты. Сала сарапшыларының басты талқылауы – ауыл шаруашылығы алқаптарының игілігін халық қалай көреді деген сауалдың төңірегінде өрбіді? Ал, шетелдіктерге жалға беру мәселесіне түбегейлі нүкте қойылды. Сонымен отырыста нендей ұсыныстар айтылды?
Нысаналы Ығыл, тілші:
Иә, енді шетелдіктерге жалға беруге қатысты үрей жоқ. Керісінше жерді өз азматтарымыз қалай және қайтіп игереді? Қазір осы мәселе қызу талқыланып жатыр. Отырыста ең көп айтылған ұсыныс: жер тек мемлекет меншігінде болуы тиіс. Өйткені ұрпақ болашақта латифундистерден сатып алмай, мемлекеттен сұрап алуы керек. Сондай-ақ жерді бақылау тиісті агенттікке өтіп, ол тікелей Президентке бағынсын деген ұсыныс та айтылды. Ал, қазір жер инспекторлары әкімдікке қарайды. Яғни, өздері сатып, өздері бақылау жүргізіп отыр. Бұдан бөлек жерді субарендаға беру және банкке кепілге қоюға тыйым салыну керектігі айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40