Еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы

19.03.2021

Бүгін еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған Қара теңіз аймағынан келетін циклон әсер етеді. Тек оңтүстік-шығыс пен солтүстікте жауын-шашын болмайды. Қалған өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Жылдамдығы 15-20 метр секундына, ал, екпіні 23-28 метр секундқа дейін жетеді. Ақтөбе және Батыс Қазақстан аумағында көктайғақ әрі бұрқасын соғуы мүмкін. Сондай-ақ 3 өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.  

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу