Әлеуметтік кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау заңмен бекітіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау заңмен бекітіледі

19.03.2021

Әлеуметтік кәсіпкерлер мүлік салығына 50 пайыздық жеңілдік алады. Қолдаудың бұл түрі қарастырылған заң жобасы Сенатта таныстырылды. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген. Заңда сонымен қатар, қандай кәсіпкерлер «әлеуметтік» салаға жататыны жазылады. 

Жаңа құжатта әлеуметтік кәсіпкерлерге салықтық, қаржылық және ақпараттық қолдау көрсетудің тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ оларға грант беріледі, оқу ұйымдастырылады, жедел даму жөнінде арнайы бағдарламалар жасалады. Заң жобасын әзірлеуге түрлі ұйым өкілдері де тартылған. 

Ардақ Оторбаев, «Дос» тәуелсіз өмір орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:
Заң жобасы өзінің күшіне енгеннен кейін әлеуметтік кәсіпкерлерге көп, жақсы өзінің көмегін көрсетер еді. Өйткені әлеуметтік кәсіпкерлерге ... стимул беретіндей жұмыс орнын ашу, жағдайы төмен азаматтарды жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыруға оларды оқыту оларды бір кәсіптің маманы ретінде жолға қою оның бәрі осы заң жобасында қарастырылып жатыр. 

Заң әлеуметтік кәсіпкерлерді жүйелі түрде қолдауға арналған. Онда әлеуметтік кәсіпкерлік туралы негізгі түсініктер мен олардың міндеттері бекітіледі. Сондай-ақ, құжатта мемлекеттік қолдаудың нақты шаралары белгіленеді. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Мұндай кәсіпорындар үшін мемлекеттік қолдаудың маңызы аса зор. Өйткені олар жұмыс барысында дәстүрлі бизнеспен бәсекелесуге мәжбүр болады. Мұндай бәсекеде жағдайдыфң тең емес екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан осы мәселе бойынша заң жобасына нақты ұсыныстар енгізілді.

Кәсіпкерлерді әлеуметтік деп тану, олардың есебін жүргізу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету жөнінде арнайы өңірлік комиссиялар құрылмақ. Олар барлық әлеуметтік кәсіпкерлерді кейіннен арнайы тізімге енгізеді. 

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу