Премьер-Министр Еуроодақ елшілерімен онлайн отырыс өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Еуроодақ елшілерімен онлайн отырыс өткізді

19.03.2021

Халықаралық жетекші рейтингтік агенттіктер Қазақстан экономикасының дамуына оң болжамдар жасады. Moody's, Fitch және Standard&Poor's ұйымдары ілгерлеу 3,2-ден 3,8% деп бағалаған. Ал, америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығының дерегінше біз экономикалық еркіндік көрсеткіші бойынша 34-ші орындамыз. Екі жыл бұрын 59-ші орында едік. Бүгін Премьер-Министр Еуропалық Одақпен инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі диалогтың 6-отырысын өткізді.

Асқар Мамин Еуропалық Одақ елшілерін сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақты дамытуды одан әрі ашық және белсенді жүргізуге шақырды. Жиында медицина саласындағы байланысты кеңейту, шетелдік заңды тұлғаларға салықтық әкімшілендіруді жақсарту, сот және соттан тыс шетелдік компаниялардың қатысуымен дауларды реттеу мәселелері қаралды. Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі инвесторларының бірі әрі ірі сауда серіктесі. Былтыр тауар айналымы 23,6 млрд долларға жеткен.  

Нысаналы Ығыл 

Хабарламаларға жазылу