Алматыда науқас мутацияланған коронавирусты жұқтыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда науқас мутацияланған коронавирусты жұқтыруы мүмкін

19.03.2021

Алматыда коронавирустың мутацияланған түрін жұқтыруы дерегі анықталды. Науқас вирустың ұлыбританиялық, оңтүстік африкалық немесе бразилиялық штамын жұқтыруы мүмкін. Алматылық мамандар зерттеу нәтижесінде осындай болжам жасады. Елімізде коронавирустың өзге де штамдарын анықтайтын экспресс тест мүмкіндігі бар. Сол сараптаманың қорытындысы 1 ай ішінде белгілі болады.

Вирустың өзгерген бұл түрінің қауіптілігі сол, өте тез тарайды. Денсаулық сақтау министрі осындай қатердің алдын алу үшін сәуір айында шамамен миллионға жуық қазақстандыққа екпе салынатынын айтты. Өйткені екпе вирустан сақтанудың жалғыз жолы дейді министр. Елде осыған дейін асқыну деректері байқалмаған. Қазір 145 мың, ай соңына дейін 150 мың доза екпе жеткізілмек. Бүгінге дейін 100 мыңнан аса адамға екпе егілді.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу