Астанада жыл басынан бері 7 әйел босану кезінде қайтыс болған

06.11.2018

Астанада тағы ана өлімі. Өткен аптада елорададағы перзентханалардың бірінде екі жүкті әйел қайтыс болды. Қайғылы оқиға 31 қазан мен 4 қарашада тіркелді. Дәрігерлердің айтуынша, қаза болған бірінші келіншектің босанатын уақыты келген. Алайда, аяқасты жағдайы нашарлап, ауруханаға түсіпті. Ақ халаттылар оның сәбиі мен өзінің өміріне араша бола алмаған. Кейін сараптама жасаған кезде, келіншектің ми қантамыларынан күрделі өзгеріс табылған. Ал, екінші әйел болса, қолдан түсік жасағысы келген. Айы, күні жеткен ол ішіндегі баласын түсіру үшін түрлі дәрілер ішкен. Соңында өзінің жағдайы нашарлап, үйінде көз жұмған. Мамандар оның денсаулығына селсоқ қарағанын айтады. Тіпті 9 ай бойы дәрігерге көрінбек түгілі, жүктімін деп есепке тұрмаған да. Бұл жыл басынан бергі жетінші ана өлімі. 128 сәби шетінеген.  

Сәуле Мұқышева, Денсаулық сақтау басқармасы Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы:

- Өте нашар жағдайда әкелді. Ешқайда есепте тұрмаған. Анасы оның жүкті болғанын білмей қалдық деп айтты.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу