Өскемендегі аурухананың бірінде аға медбике екі жыл бойы әріптесінің ақшасын ұрлап келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі аурухананың бірінде аға медбике екі жыл бойы әріптесінің ақшасын ұрлап келген

05.11.2018

Мәселен, мекеменің есепшісі пәтерін сатып, 30 мың АҚШ долларын жұмыс орнындағы сейфте сақтаған. Мұны білген әріптесі кез келген уақытта қалауынша ақша жымқырып жүрген. Осылайша, медбике екі жылда 15 мың долларды қалтасына басқан. Тіпті несиесін төлеп, қалған ақшаны өзінің қажетіне жаратқан. Ал, әріптесінен жапа шеккен әйел ақшасының жоғалғанын кеш білген.  Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, аурухана қызметкері 5 жылға шартты түрде сотталды. Айыпталушы сот процесі басталғанға дейін жәбірленушіге келтірілген шығын мөлшерін қайтарып берді. 

Виктория Ляпунова, Өскемен қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы:

- Сот сотталушының жәбірленушімен татуласуын, келтірілген залалдың толық өтелгенін, өкініш білдіруімен қатар, кінәсін толық мойындағанын, сонымен қатар, оның жағымды мінездемесін жазаны жеңілдететін жағдай деп қарап, процессуалдық келісіммен келісу туралы қортындыға келді. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу