Мемлекеттік қызметкерлер халықаралық ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда тағылымдамадан өтеді. Бұл қызметкердің мәдениетін көтеру үшін керек. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев осылай дейді. Сондай-ақ, жекелеген саяси лауазымға үміткерлер енді ассессмент-орталық арқылы бағаланбақ. Яғни, саяси лауазымға іріктеу тәртібі өзгеріп, бұл мемлекеттік қызметке арнайы білімі бар кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Дархан Жазықбаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:
Қызметшіні 360 градусқа бағалау кезінде оның әдеп деңгейі, айналасындағы адамдардың, атап айтқанда басшысы мен бағынышты қызметкерінің, әріптестерінің анонимді бағалауы бұдан былай маңызға ие болмақшы.
Амангелді Сейітхан