СҚО-да бір аптадан бері қар құрсауында қалған ауылға көмек бармаған
Солтүстік Қазақстан облысындағы Бірлік ауылы бірнеше күннен бері құрсауында қалды. Сырттан көмек келмеген соң тас жолға дейінгі бес шақырым жолды тұрғындар өз күштерімен аршыған.
50-ге жуық түтіні бар Бірлік елді мекені Есіл ауданының ортылығынан 30 шақырым жерде орналасқан. Қатынас үзілген соң жұрттың отын-суы бітіп, төрт түліктің жем-шөбі таусылуға таяған. Тұрғындар аудан әкімдігіне хабарласқанымызбен қайыр жоқ деп налиды.
Ерзат Орнықбай, Бірлік ауылының тұрғыны:Әкімдіктен ешқандай көмек жоқ. Олармен хабарластық. Қарастырамыз дегеннен әрі аспайды. Көрші ауылдан келетін мұғалімдер жете алмай отыр. Сырқат кісілер аурханаға жете алмай отыр.
Аймақта апта бойы соққан боран кеше ғана басылды. Қазір аудан әкімдігі Бірлік ауылынан өзге қатынас үзілген біренеше елді мекеннің жол аршуға кіріскен.
Қанат Едресов, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:Аудан бойынша үш елді мекенде, оның ішінде Бірлік ауылында жолдар жабылып қалды. Қазіргі уақытта техника жұмыс істеуде. Қар жамылғысы қалың болғандықтан техникаға қарды тазалау қиынға соғып жатыр. Бірлік ауылына жол жақын арада ашылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40