Дінаралық диалогты дамытуға арналған фотокөрме өтті
«Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең». Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық бүгін осындай атаумен фотокөрме өткізді. Оған шетелдік дипломаттар, әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері қатысты. Көрмеге 45-тен астам сурет қойылған. Оны орталық қызметкерлері 100-ден астам фотоның ішінен іріктеп алыпты. Онда исламның рухани, ғылыми, мәдени мұрасымен танысуға болады. Және мұсылмандардың күнделікті өмірі бейнеленген. Орталық төрағасы алдағы уақытта өзге дінге қатысты фотокөрмелерді де ұйымдастырамыз дейді.
Болат Сәрсенбаев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығының төрағасы:Көрмеден бөлек, халықаралық онлайн конференциялар болады. Алда 19-шы Съез хатшылығы келе жатыр. Онда 7-ші Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің тақырыптарын айқындаймыз. Қазір дайындық қызу.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17