Шығыс Қазақстанда оқушылар энтеровирусты инфекция жұқтыруы мүмкін
Шығыс Қазақстанда 16 оқушы энтеровирусты инфекцияға шалдықты деген күдік бар. Олар Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы орта мектепте оқиды. Бастапқыда сол елді мекендегі интернатта тұратын 3 баланың іші өтіп, дене қызуы көтерілген. Алдымен жергілікті дәрігер көріп, балалар Өскемендегі инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Бұдан соң мектептегі тағы 13 оқушыдан осыған ұқсас ауру белгілері байқалды. Қазір олар амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Бозанбай орта мектебінде барлығы 272 оқушы бар. Бүгіннен бастап барлығы онлайн форматта білім алуда. Оқиға орнында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Қуат Оқасов, Ұлан аудандық білім бөлімінің басшысы:
Алғашқы диагноз дейміз ғой, соны энтеровирусты инфекция деп айтты. Ол ауа-тамшы арқылы жұғады. Тамақтан емес, мүмкін қолдан болды, тағы басқа себебі бар мүмкін. Қазір СЭС жұмыс жүргізіп жатыр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XXV қысқы Олимпиадаға шолу
17.02.2026, 17:39
Алматылық әжелер өте ұзын сырмақ сырып, рекорд жасамақшы
17.02.2026, 17:38
СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды
17.02.2026, 17:36
Маңғыстауда 20 аққудың өлексесі табылды
17.02.2026, 17:35
Жетісу облысында экоакция аясында жастармен кездесу өтті
17.02.2026, 17:32
Шет ауданында 21 медициналық нысан салынды
17.02.2026, 17:27
Жаңа Конституция – уақыт талабы
17.02.2026, 17:24
Жаңа Конституция – болашаққа бағдар
17.02.2026, 17:21