«Ashyq» мобильді қосымшасын 33 мың адам жүктеді
«Ashyq» мобильді қосымшасын елімізде 33 мың адам жүктеді. Пилоттық жоба қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында енгізілген. Әзірше, 230 кәсіпкер қосымшаны пайдаланып, тиімділігін көруде. Алдағы уақытта жүйе кинотеатрларға да енгізілмек.
Айта кетейік, осы қосымша арқылы пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпкерлер жұмыстарын қайта жандандыруға мүмкіндік алды. Мәселен, бас қалада қосымшаны қолданған нысандар шектеу шараларына қарамастан сенбі, жексенбіден басқа күндері түнгі 24 :00-ге дейін жұмыс істей алады.
Вероника Нұрпейсова, қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы төрағасының кеңесшісі:Біз мекемеге анықтама нәтижесі тек «көк», «жасыл» түсті болған азаматтарды ғана кіргіземіз. Ал, қосымша «қызыл», «сары» түсті белгілер көрсетсе, олар ішке кіргізілмейді. Пилоттық жобаны пайдаланғанымызға 7 апта болды. Әзір вирус тасымалдаушы науқас тіркелген жоқ. Қазір бұл бағдарламаға тұрғындардың қызығушылығы артып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16