Ресейге Қазақстаннан санкция салынған картоп жеткізілген – АШМ оқиғаны зерттеп жатыр
Ақтөбе арқылы Ресейге жеткізілген 60 тонна картопқа қатысты оқиғадан кейін сол компанияның өнімдерін көрші елге тасымалдауға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Естеріңізде болса, 2 наурызда «KazEuroplant» серіктестігі Ақтөбе аумақтық инспекциясымен картопқа фитосанитарлық сертификат рәсімдеген. Кейін «Россельхознадзор» бұл өнім Ресейде санкция салынған Германия тауары екенін айтып, шағым түсірген. Қазір мәселе жан-жақты зерттеліп жатыр. Қорытындысы айдың соңында белгілі болады. Ал, әзірше аталған компаниядан басқа кәсіпкерлер көрші елге өнімдерін бұрынғыдай өткізе береді. Айта кетейік, жыл басынан бері Ресейге 2580 тонна картоп экспортталған.
Асқар Сәрсембин, ҚР АШМ Сыртқы бақылау мен қадағалау басқармасының басшысы:
2 наурыз күні барлық заңдылықтарды сақтай отырып, біздің кедендік одақ ЕАЭО бүкіл талаптарын сақтай отырып, барлығы заңды түрде рәсімделіп өткізілген. Рәсімделген фитосантиралық сертификатта ниспекция берген ол жерде шыққан жері Қазақстан деп көрсетілген. Қазіргі таңда анықтау, зерттеу барысында қосымша хабарлайтын боламыз.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 11:30
S&P Global Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне жоғарылатты
22.08.2026, 10:52
Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
22.08.2026, 10:30
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40